1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Өмірбаян:

Бекпулат Парманов Ленинград мемлекеттік театр, музыка және кинемотография институтын (ЛГИТМиК) (Санкт-Петербург қ.) бітірген.
1982 жылдан бастап ТМД елдерінің театрларында әлемдік, заманауи, ұлттық және балалар әдебиеті шығармалары бойынша 150-ден астам спектакль қойды.
Бекпулат Парманов 1983 жылдан бастап бүгінге дейін қуыршақ театры актерлері үшін шеберлік дәрістерін береді. Осы уақытқа дейін Қазақстан және Орта Азия аумағында 50-ден астам шеберлік дәрістері өткізілді. 1983 жылы КСРО Мәдениет министрлігінің "Шығармашылығындағы жетістіктері үшін" күміс медалін иеленген.  1974 жылдан бастап 2006 жылға дейін Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан театр жоғары оқу орындарында оқытушылық қызмет атқарды.  
2009 жылдан бастап Бекпулат Парманов - М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының режиссеріМ. Горький атындағы елордалық драма театрында жұмыс жасаған кезеңінде ол әр түрлі жанрдағы көптеген тамаша спектакльдерді қойды.
Бекпулат Парманов Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі атағына ие. Әлемдегі 6 халықаралық театр фестивальдерінің Бас жүлде иегері, Қазақстан Жастар Одағы Сыйлықақысының Лауреаты. 1983 жылдан бастап бүгінгі таңға дейін спектакльдердің "Үздік режиссері" атағын 20 реттен көп алған.  
2012 жылы Астана қаласы әкімі  И.Н.Тасмағамбетовтың Гранты табысталды. 2015 жылдан бастап Б.Парманов ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Көркемдік кеңес құрамына кірді. 
Көптеген халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты. Қазақстандағы театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен марапатталған. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. 
2018 жылы режиссер «Материнское поле» спектаклі үшін Ш.Т.Айтматов атындағы Халықаралық театр медалімен марапатталды және Ш.Т.Айтматов атындағы Халықаралық театр сыйақысының Лауреаты атағын иеленді. 
2019 жылғы сәуір айында Ресей президенті В.В.Путиннің атынан құрмет грамотасымен марапатталды.
Жыл сайынғы «Импульс» халықаралық театр фестивалінің (Бішкек, Қырғызстан) сараптамалық комиссия мүшесі, сондай-ақ көптеген Халықаралық театр фестивальдерінің құрметті қонағы болып табылады.

Кинодағы рөлдер: