1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Өмірбаян:

М.Горький театрында Н.Д. Терехина 1992 жылдан бері қызмет етеді. Цехке көркемдік және ұйымдастырушылық жетекшілік ету ісін, театр спектакльдерін музыкалық көркемдеу бойынша жұмысын шебер іске асырады. Режиссерлермен бірге театрдың қолданыстағы репертуарындағы спектакльдердің музыкалық көркемедушісі болып табылады.   Н. Гоголь «Женитьба», М. МакДонах «Человек-подушка», А.Н. Островский «Гроза», Э.Э. Шмитт «Путешествие в обратно», А. Яблонскаяның «Язычники»мелодрамасы, Р. Куни «Смешные деньги» , В. Гуркин «Народная кадриль», «Братья Гримм» импровизациясы, В. Шукшиннің әңгімелері бойынша «Светлые думы» сахна қиялы, Г. Горин «Кин IV», Р. Тома «Восемь любящих женщин», Д. Фо, Ф. Раме «Жизнь без…» және т.б. қойылымдар.  Терехина Н.Д. театр репертуарындағы келесі балалар спектакльдеріне музыка жазған композитор: «Снежная королева», «День рождения кота Леопольда», «Как Котенок Новый год спасал», «Маша, Серый и Потапыч», М. Бартенев «Снегурушка», М. Супонин «Коза-Дереза», Т. Уфимцева «Щелкунчик».  Н.Д. Терехина жүйелі түрде актерлермен музыка дәрістері мен репетициялар өткізеді. Радиотехниктер мен бейнережиссерлер жұмысын қадағалайды, сахнадағы музыканың орындалу сапасын бақылап отырады. Найля Давидовна театр ұжымының өміріне белсенді қатысады. Көп жылдар бойы кәсіподақ комитетінің төрайымы, театрдың Көркемдік кеңесінің мүшесі болды. Театр ұжымында беделі бар. Қазақстаннығ Театр қайраткерлері одағының мүшесі. 2017 жылы ТҚО-ның жыл сайынғы "Еңлікгүл" сыйақысында "Спектакльдің үздлік музыкалық көркемдеуі" номинациясында жеңімпаз атанды. 2016 «Мәдениет саласының үздігі» төсбелігісімен марапатталды. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қ. әкімі атынан 120 мерекелік театр маусымының ашылуында Алғыс хат алды. Н.Терехина шығармашыл талантты адам, режиссер С.Маштаковтың «Отель «Леон» хикаясына қатысты. 2022 жылы Нұр-Сұлтан қ. әкімінің орынбасары Б.Джакенов атынан «Алғыс хат» алды.

Кинодағы рөлдер: