1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Өмірбаян:

Мухамадиев Руслан Гизатович көркемдік-қойылымдық бөлімнің меңгерушісі лауазымында 2011 жылдан бері жұмыс жасайды. Жұмыс жасаған уақыт ішінде өзін жоғары дәрежелі кәсіби маман ретінде көрсетті.  
Руслан Гизатовичтің білімі мен тәжірибесі режиссерлер мен суретшілердің ең қиын және асқан шебер ойларын жүзеге асыруға көмектеседі. 
Ол кез келген техниканың тілін табады, оның бойында инженер-механик пен құрастырушының қабілеттері бар. 

Ол бірнеше іргелес салалардың мамандықтарын және күрделі құрылыстар мен декорация бұйымдарын жасау қолөнерін игерген. Болашақ спектакльдерге сызбалар мен сметаларды мұқият әрі сауатты әзірлейді.  Спектакльді қоюға нәзік көркемдік талғаммен, сонымен бірге техникалық жағынан дәл келген Руслан Гизатовичтің шеберлігі «Панночка», «Ромео и Джульетта», «Хаос», «Пробуждение» және тағы басқа спектакльдерде  сыншылар талай атады. 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасын, Мәдениет басқармасының Құрмет грамотасын және Астана қ. әкімінің Алғыс хатын иеленген. 
Руслан Гизатович  ержүрек, байсалды, салмақты, зиялы, ашық адам. Бұл қасиеттер театрдың қойылымдық бөліміндегі жұмысты ұйымдастыруда өте маңызды. Оның сауатты ұйымдастырушы және бөлім жетекшісі ретіндегі таланты әсіресе күрделі жөндеу жұмыстары кезеңінде байқалды. Декорацияларды басқа сахнада монтаждап, соған бейімдеу қойылымдық цехтегі барлық мамандардан орасан зор шеберлікті талап етеді. Жұмыстың тәртіпке салынуы, барлық қызметкерлердің жоғары дәрежеде жауапкершілікті сезінуі, спектакль жүріп жатқанда сахнада қауіпсіздік техникасын қамтамасыз ету оның жұмысындағы басым дүниелер. Мухамадиев Р.Г. сияқты деңгейдегі мамандар – театр өндірісінде үлкен құндылық.  

2019 жылғы сәуір айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Санкт-Петербург қ. Мемлекеттік академиялық Мариин опера және балет театрында өткен "Театрдың көркемдік-қойылымдық бөліміне жетекешілік ету" тақырыбындағы біліктілікті арттыру бойынша бағдарламаға қатысты.  

2020 жылы «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Кинодағы рөлдер: