1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Өмірбаян:

Бельгибаева Роза 1971 жылғы 9 қарашада Павлодар облысында дүниеге келді. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін «Хореографиялық пәндер оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. 

М. Горький атындағыМемлекеттікАкадемиялықорыс драма театрының бас балетмейстері лауазымында 2006 жылдан бері қызмет атқарады. 

Р.Бельгибаева жүріп жатқан репертуардың келесі спектакльдерінде нәзік бұралған іс-қимыл шешімдерін жүзеге асырды: У.Шекспир «Ромео и Джульетта», Н.Гернет «Волшебная лампа Аладдина», А.Экзюпери «Маленький принц», Э.Шмитт «Путешествие в обратно», Н.Гоголь «Гоголь.Петербург», сахна қиялы, 2022 жылы "Жылдың үздік спектаклі" атанған спектакль.

Сонымен қатар, Р.Бельгибаева«Наз» би театрында шақырылған қоюшы-балетмейстер ретінде еңбек етеді. Қоюшы-балетмейстер ретіндегі соңғы жұмыстарының бірі «Одна ночь из тысячи» (2012ж) хореография майталмандары мен көрермендер арасында жоғары бағаланған болатын.

«Астана – есірткіге қарсы қала» акциясы аясында өткізілетін «Спиду – нет», «Крик» сияқты және «Театр күні», мерекелік театр іс-шараларына белсенді қатысады. 
А.В.Сухово-Кабылиннің пьесасыбойынша қойылған «Свадьба Кречинского» және Ж.Коктопьесасы бойынша қойылған «Человеческий голос» спектакльдерінде қойған билері мен пластикалық композициялары үшін 2007 жылы «Хореограф» номинациясында дипломмен марапатталды.
2004 ж. Астана қ. топтық бағдарламаның жаттықтырушысы бойынша оқыды.
2005 ж. Новосибирск қ. Айда Хассанның «Египетский стиль» шеберлік дәрісіне қатысты. 

2006 ж. Мәскеу қ. «Dance Factory Story 2» (Jazz, Funky, Strip) семинарына қатысты
2007 ж. – Алматы қ. АФА Би конвенциясы.
2008 ж. – 
АҚШНевадаЛас Вегас қ.: IDEA WORLD FITNES CONVENTION (ДжПилатес әдісі, би бағдарламалары).
2010 ж. – Dancehelp «Би режиссурасы». Dance help «Contemporary dance оқыту әдістемесі», «Modern dance негіздері».
2012 жылы Халықаралық театр күніне орай Астана қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 
2015 ж. – ИталияРимини қ. Wellness Convention.
2016 ж. – Workshop Modern & Contemporary dance, Астана қ. АҚШ Елшілігі.
2019 ж. – «Принципы Движения» ( биомеханик движения) семинары, Алматы қ. Polestar Pilates USA оқуы,  Алматы қ.
2020 ж. – «15 квадратов», «Лаборатория движения», «Драматургия танца» бағдарламалары бойынша онлайн оқу.
Роза Бельгибаева актёрлер үшін хореографиядағы шеберліктерін арттыру және олардың дене жай-күйін қалпында сақтау мақсатында жүйелі түрде пластика дәрістерін жүргізеді.  «Разминка. «Пилатес» авторлық бағдарламасын әзірледі.
2022 ж. – Нұр-Сұлтан қ. әкімінің орынбасары Б.Джакеновтен «Алғыс хат» алды.
2023 ж. – Dancehelp «Импровизация и актерское мастерство» онлайн курсы.

Кинодағы рөлдер: