1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Өмірбаян:

Надежда Яковлевна Шевченко Павлодар қаласында дүниеге келді. 1981 жылы орта мектепті бітіріп, Талдықорған қаласындағы драма театрына реквизитор лауазымына қызметке қабылданады. 1982 жылы радио цехіне дыбыс операторы лауазымына ауыстырылады. Театрда жұмыс жасаған кезеңінде өзін жұмысына жауапкершілікпен қарайтын тәртіпті қызметкер ретінде көрсетті. Қоюшы-режиссермен бірге спектакльдердің дыбыстық және музыкалық көркемдеуін іріктеуге белсенді атсалысады. Спектакльге дайын музыканың музыкалық экспликациясын бекітуге қатысады. Радио цехінің жұмысын қадағалап, ұйымдастырады. Фонограммалар монтажын басқарады, қажетті дыбыстық бейнелер мен фактураларды жасау үшін фонограммаларды өңдейді.

Тапсырмаларды уақытылы, сапалы және мерзімінде орындайды.
Ашық мінезді, жан жақты адам, театрдың қоғамдық өміріне қатысады.
Шевченко Н.Я.  театрдағы қызметі кезінде басшылықтың, ҚР мәдениет министрлігінің, Мәдениет басқармасының алғыс хаттарымен, грамоталарымен бірнеше рет марапатталды. Жезқазған қаласында өткен фестивальде А.Әшімов пен композитор Б. Носовскийдің ілтипатын иеленді.
Театр қайраткерлері одағының мүшесі. "Мәдениет саласының үздігі" құрметті атағымен марапатталған, Астана қ. Мәдениет басқармасы бастығының алғыс хатын алған, "Қазақстан 25 жыл" медалімен марапатталған, Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған Қазақстан халқы ассамблеясының алғыс хатын иеленді.  

Кинодағы рөлдер: