1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Өмірбаян:

Байгабулова Гульнар Мухамедкалиевна театрға жұмысқа 2006 жылы тігін цехінің меңгерушісі лауазымына қабылданады. Жұмыс жасаған кезең бойы ол өзін ұқыпты және жауапкершілігі мол жұмыскер, өз ісінің шебері ретінде көрсетті. Тігін цехінің жұмыстар кешеніне жетекшілік етеді, қоюшы-суретшімен бірлесе, костюмдердің эскиздерін қарап, бекітуге қатысады. Гульнар Мухамедкалиевнаның жетекшілігімен келесі спектакльдерге костюмдер тігілді: А. Касон «Дикарь. Третье слово», Л. Агулянский «Гнездо воробья», К. Людвиг «Примадонны», М. Мюллюахо «Хаос», Б. Парманов «Аманат», Р. Куни «Смешные деньги», Б. Абдураззаков «Манкурт. Вечный раб», А. Янкявичюс «Анна Каренина» және тағы басқа көптеген спектакльдер. Оларға халықаралық театр фестивальдерінің қазылар алқасы мен сыншылар бірнеше рет жоғары баға берген. Костюмдердің жай-күйін, костюм тігілетін маталардың режиссер ойластырған бейнелерге сәйкес келуін, сондай-ақ дайын өнімдердің костюмдер цехіне күнтізбелік-қойылымдық жоспарда көрсетілген мерзімде және нормаға сай түрде  тапсырылуын қадағалайды. Жалпы еңбек өтілі отыз жылдан асады. Гульнар Мухамедкалиевнаның жұмысы көптеген құрмет грамоталары мен алғыс хаттармен ерекше аталған, Астана қ. Мәдениет басқармасының алғыс хатын алды. Театрдың қоғамдық өміріне белсене қатысады, ұжымда құрмет пен беделге ие.  

Кинодағы рөлдер: