1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Өмірбаян:

Цыганков Денис Юрьевич 2001 жылы сахна монтаждаушысы ретінде жұмысқа қабылданды, кейіннен монтаждау цехінің меңгерушісі болып ауыстырылды.

Денис – мейірімді, сабырлы, байсалды адам. Ұл тәрбиелеп отырған әке. Қалжыңды жақсы түсінеді, заманауи клуб музыкасына, сапалы киноға, технологиялар әлеміндегі жаңашылдықтарға қызығады, жағымсыз әдеттерден ада (темекі тартпайды, ішімдік ішпейді).

Ол өте ұқыпты және жауапты жұмыскер, ұжым арасында құрмет пен беделге ие. Театрдың қоғамдық жұмысына белсене араласады, сахналық көркемдеу шешімдерінің нұсқаларын ұсынады және оны жүзеге асырады. Репитиция үшін қажетті декорацияны іріктеп, сахнаға орналастырады, декорацияны орнату және жинаумен байланысты жұмыстар кешеніне жетекшілік етеді. Декорациялардың жай-күйін қадағалайды, олардың тиісті сақталауын және уақытылы жөнделуін қамтамасыз етеді. 

2023 жылы Денис Цыганковқа  «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.

Кинодағы рөлдер: