1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Өмірбаян:

Людмила Ивановна елордалық театрда жұмыс жасағалы бері режиссер ретінде балалар үшін спектакльдер қойды: «Золотой цыпленок», «Красная шапочка», «Приключения Смешинки в земляничном саду», «Финист – ясный сокол», «Сказка о любви, доблести и чести», «Снежная королева», «Приключения Незнайки и его друзей», «Маша, Серый и Потапыч», «День рождения Кота Леопольда», «Аленький цветочек», «Снегурушка», «Щелкунчик» .
Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске арналған «С чего начинается Родина...», «Чем дальше мы уходим от войны...», С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтердің 125 жылдығына арналған «Крылатая исповедь вольных сердец» атты музыкалық-поэзиялық композияциялардың авторы және режиссері.  
Крючкова Л.И. бас қала өміріне белсенді қатысады, қалада өткізілетін көптеген, соның ішінде республикалық деңгейде өткізілетін мерекелік іс-шаралардың сценарисі болып табылады. Солардың ішінде Елбасы қатысуымен өткен балаларға арналған Жаңа жылдық қойылымдар, Астана қ. Әкімінің Жаңа жылдық балы, ЦелСреди них Новогодние представления для детей с участием Главы государства, Новогодний бал акимаг.Астаны, Тың игерудің 60 жылдығы, Елорда күні, Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогіне Халықаралық волейбол турнирінің ашылуы,  «Казахстанская правда» газетінің 85 жылдығы, «Астана-Бәйтерек» монументінің, Астаналық цирк және Астана қаласындағы басқа да сәулет нысандарының ашылуы.
Сценарист ретінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен, ҚР Білім министрлігімен және Астана қ. Білім басқармасымен бірге бірлесе белсенді қызмет етеді. Танымал саяси қайраткерлер мен мәдениет қайраткерлерінің мерейтойларына орай өлең және прозалық  құттықтауларының авторы.

2000 жылы театрдың қашықтан жұмыс жасаған кезеңінде «Творческий карантин» атты тікелей эфирлердің қатысушысы, Жеңістің 75 жылдығына арналған «Строки, опаленные войной» онлайн-акциясының режиссері болды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің, Астана қ. әкімінің алғыс хаттарын алған. «Мәдениет қайраткері» деген құрмет атағына ие. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «20 лет Независимости Казахстана» және «Ерең еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қаулысымен Людмила Ивановна Крючковаға  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.

ҚР Театр қайраткерлері одағының мүшесі.