11.02.2025
🎭Шукшин кіші сахнаға оралды!🎭
Құрметті достар, айтар керемет жаңалығымыз бар! Ақпан айында режиссер Евгений Гельфондтың (Ресей) қойылымындағы В.Шукшиннің әңгімелері бойынша сахна қиялы "Светлые думы" спектаклі арадағы ұзақ үзілістен соң, театр сахнасына жаңартылған құраммен қайта оралуда — жүргізуші Васька Ермиловтің рөлін актёр Денис Сираев сомдайды.
"СВЕТЛЫЕ ДУМЫ" спектаклі көрерменді қарапайым ауыл тұрғындарының жылы, жайлы әлеміне түсіреді: күнделікті тірліктері мен риторикалық сұрақтары, жарқын жандары мен айлы түн астындағы махаббат, өмір, мәңгілік жайындағы әңгімелерімен...
27 ақпан сағат 19:00
Кіші зал


