М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Мәскеу музейінің көрмесі ашылды
Театрымызда Мәскеу
қаласындағы А.Бахрушин атындағы мемлекеттік орталық театр мұражайының «Театр на фронте: берег надежды» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Көрменің
ұйымдастырылуына Мұражай қорларындағы бірегей архивтік материалдар негіз болды.
Жоба Ұлы Отан соғысы жылдарындағы кеңестік театр
қайраткерлерінің жанкешті ерлігіне арналған. Экспозицияда музей қорындағы бірегей архив материалдары ұсынылған: баға жетпес шығармашылық есептер, афишалар, сапардағы жазбалар, жауынгерлердің ой-тілектері, газеттерден үзінділер, фотосуреттер мен суреттер, сондай-ақ соғыста өнер адамдарына демеу болған жауынгерлердің өз сүйікті әртістеріне жазған жеке алғыс хаттары.
Көрме театрымызда 2025 жылғы 15 сәуірден бастап 18 мамырға дейін жалғасады. Фотосуреттер: @Данил Конищев
Добавить продажу
Восемь любящих женщин, 22 мая, 19: 00, Сцена - ГАРДТ, 2 часа с одним антрактом, места 22 и 22а