1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
артқа
Танымал қазақстандық режиссер Дина Жұмабай «Гедда Габлер» спектаклін ұсынады

Қазіргі Қазақстандағы ең көрнекті және талантты театр режиссерлерінің бірі Дина Жұмабай жаңа қойылымның премьерасын дайындауда. Бұл жолы ол әлем драматургиясының классикасы — Генрик Ибсеннің танымал психологиялық пьесасы «Гедда Габлерді» назарға алды. 

Қазіргі кезде Алматы қаласындағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында бас режиссер болып қызмет атқаратын Дины Жұмабайдың аты отандық әрі халықаралық сахнада кеңінен танымал. Оның жұмыстары талай рет беделді фестивальдердің лауреаттары атанды, ал 2023 жылы ол үздік режиссурасы үшін  UMAI Ұлттық театр сыйақысын иеленді. 

Жаңа спектакльдің ортасында қоғам талаптарының қатаң шектеулері мен өзінің амбициялары арасындағы торға түсіп қалған әйел Гедда Габлердің тағдыры. Пьеса жанға батарлықтай өзекті болған мәселелерді көтереді:  жеке бас бостандығыңның шегі қай жерде, күйбең тірлік шырмауынан шығу мүмкін бе, сенің қалауың сенен күтілген нәрседен басқа болса, не істеу керек. Ибсен мәңгі тақырыптарды шебер ашады  — тәуелсіздікке ұмтылу, үйреншіктілік алдындағы үрей, ішкі арпалыс және өмірдің шын мәнін іздеу.