1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
артқа
Актер Дмитрий Маштаков мемлекеттік наградамен марапатталды

Бүгін, 2025 жылғы 24 сәуірде Қазақстан халқы  Ассамблеясының 34- сессиясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері Дмитрий Маштаковқа  «Шапағат» медалін табыстады.  

«Шапағат» медалі — Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы №2676 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік наградалар туралы" Заңы негізінде тағайындалған.  

"Шапағат" медалiмен азаматтар белсендi және жемiстi қызметi, мейiр-шапағаты мен қайырымдылығы үшiн наградталады.

Дмитрий Сергеевичті жоғары наградасымен құттықтаймыз!