06.05.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналады…
8 мамыр күні сағат 19:00-де М. Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театрында — «Әлия» спектаклі!
Қ. Жүнісов пен И. Сединнің әсерлі драмасы Ұлы Отан соғысының аңызға айналған қаһарманы Әлия Молдағұлованың ерлігі туралы баяндайды.
Сахнада — сөздің күші, музыка мен хор: қойылымға Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланының оркестрі мен хоры қатысады.
Батыр қыздың өмірінен тарихи сәттер, әндер мен жүрекжарды монологтар үлкен сахнада тоғысады!
Қайда: Желтоқсан көшесі, 13
Қашан: 8 мамыр, 19:00
Билеттер gorkytheatre.kz сайтында және театр кассасында

