1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
артқа
Сергей Матвеев MONOFEST І Халықаралық театрлық моноспектакльдер фестивалінде «Наедине с Пушкиным» спектаклін ұсынды

Қостанай қаласында Чехия, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Германия, Әзірбайжан, Черногория, Армения және Израильдің жарқын монотеатр өкілдерінің басын қосқан MONOFEST І Халықаралық театрлық моноспектакльдер фестивалі өтті. 

Фестивальдің елеулі оқиғаларының бірі театр және кино актері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қырғызстанның Халық әртісі, РФ Достық орденінің иегері Сергей Матвеевтің «Наедине с Пушкиным» моноспектаклімен өнер көрсетуі болды. Ұлы орыс ақынының өлеңдерін мағынасына терең бойлай отырып, тебірене оқу өзінің шынайылығымен, әдебиет классикасы мен театр дәстүрлеріне деген адалдығымен  көрермендердің жүрегін жаулап алды.   

Спектакль фестиваль қазыларының жоғары бағасын алып, актёрдің мәдени мұраны сақтап, дамытуына қосқан үлесін атай отырып, "Дәстүрлерге адалдық" дипломымен марапатталды.  
MONOFEST театр өнерінің мерекесі ғана емес, сонымен бірге халықаралық диалогқа арналған маңызды алаң болды және осы алаңда Сергей Матвеевтің моноспектаклі ұлы поэзия мен киелі сахнаға шын жүректен сезім білдірудей естілді.