Горький театры 125-маусымын Өзбекстандағы гастрольдерімен ашпақ
М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Астана қ.) өзінің 125 мерейлі маусымында Өзбекстандағы ауқымды гастроліне дайындалуда. Қыркүйек айының соңында труппа Ташкент пен Самарқанд көрермендеріне өз репертуарының үздік қойылымдарын ұсынбақ. Гастрольдер бағдарламасы: Алғашқы болып қазақстандық әртістермен Ташкент қ. тұрғындары қауышпақ — 23 және 24 қыркүйекте спектакльдер Мемлекеттік музыкалық комедия театрының сахнасында қойылады. Келесі аялдама — Самарқанд қаласы, мұнда қыркүйектің 26 және 27-сінде театр Самарқанд облысының орыс драма театрының сахнасында өнер көрсетеді. Негізі 1899 жылы қаланған Горький театры Қазақстан елордасының көне театрларының бірі болып, міне, бір ғасырдан астам уақыт бойы еліміздің мәдени өмірінде ерекше орынға ие. Қарт өнер ордасы нағыз актерлік шеберлік мектебіне айналып, мұнда классика мен заманауилық үнемі өзара диалог құруда. Қазіргі таңда театр талай гастрольдерге шығып, халықаралық фестивальдерге де қатысады және түрлі халықтар мен елдерді бір-біріне жақындастырып, мәдени кеңістікті кеңейтіп жүр. Т. Уфимцеваның «Щелкунчик» спектаклі (реж. Людмила Крючкова) — мейірім, сұлулық және адалдық туралы жан тебірентер ертегі бүкіл отбасымен қарауға тамаша ұсыныс. Ташкентте оны қыркүйектің 23 және 24-іне, ал Самарқанта — 26 қыркүйекте (үш қойылым) көруге болады.
«Евгений Онегин. Сцены из романа. Наши дни» (реж. Юрий Квятковский, Москва) — 23 қыркүйекте Ташкент қаласында және 26 қыркүйекте Самарқанд қ. қойылады. «Господин Журден — пустота в бархате» (реж. Туфан Имамутдинов, Казань) — Ж.-Б. Мольердің пьесаы желісімен заманауи комедия. 24 қыркүйекте Ташкент қаласында және 27 қыркүйекте Самарқанд қ. қойылады.
Добавить продажу
Восемь любящих женщин, 22 мая, 19: 00, Сцена - ГАРДТ, 2 часа с одним антрактом, места 22 и 22а