1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
артқа
М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры: Өзбекстандағы гастрольдер

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры Ташкент және Самарқанд қалаларында көрермендерге үш жарқын қойылымды ұсынып, Өзбекстандағы гастрольдік турын аяқтады.

Сахнада әр түрлі жанрлар мен көңіл-күйлер көрсетілді.  Татьяна Уфимцеваның «Щелкунчик» (режиссёрі Людмила Крючкова) ертегісі балақайлар мен ересек көрермендерге мейірім мен адалдық туралы таңғажайып оқиғаны сыйлады.  «Евгений Онегин. Сцены из романа. Наши дни» (режиссёрі Юрий Квятковский, Мәскеу қ.) спектаклі өшпес классикаға жаңаша, тың көзқарасты ұсынды. Ал «Господин Журден — пустота в бархате» (режиссёрі Туфан Имамутдинов, Қазан қ.) нәзік пәлсапалық астары бар заманауи комедия болды. 

Шығыс бояулары мен қонақжайлығы сапардан алған әсерді одан бетер күшейте түсті.  Ташкент пен Самарқанд труппамызды жылы құшақ жая қарсы алды   — құдды көне аңыздарға жан бітіп, қазіргі заманмен үйлесім тапқандай, ал әрбір күнің құлаққа жағымды әуендей. 

Театр Астана қаласының әкімдігі мен Мәдениет басқармасына гастрольді ұйымдастырудағы қолдауы мен жәрдемі үшін, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрлігіне Ташкент және Самарқанд қалаларының сахналарында өнер көрсету мүмкіндігі үшін шын жүректен алғысын білдіреді. 

Театр ұжымдары мен олардың басшылары – Өзбекстанның Мемлекеттік музыкалық комедия (оперетта) театрының директоры  Ганиев Бури Абдужалиловичке және Самарқанд облысының орыс драма театрының директоры Садиков Шарофиддин Сафоевичке жоғары кәсіби біліктілігі, жылы шығыс қонақжайлығы, жан-жақты қолдауы және достық қарым-қатынасы үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз. 

Бұл сапар мәдени байланысты кеңейту, достықты нығайту және бір-біріне шабыт берудегі тағы бір қадам болды.  Өнерде шектеу жоқ: Өзбекстандағы гастроль театр сахнасының қалалар мен елдерді, адамдар мен мәдениеттерді қосатын қасиеті бар екенін растады. 

Өзбекстан өнер мен жан жылуының түйісетін жері ретінде жүректерімізде қалып қойды.