1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
артқа
«Күлкі, сезімдер және күтпеген жағдайлар — “Ну как он тебе?” спектаклінің премьерасы қазан айында!

Ата-ана мен баланың қақтығысы - мәңгі тақырып. 

Ал ана мен қызының мүдделері қайшы келіп жатса, бұл жеке бастың ішкі оқиғасы болмақ.  

Сахнада эмоциялар құйыны тұр: құпия кездесулер, үйдегі торуыл, әйел айласы мен ерлерді олардың аксессуарларынан танып қою!  

Анасы қызымның бақытты болуы үшін не керек екенін білем деп сенеді. 

Қызының ойынша, біреудің нұсқауымен бақытты болу мүмкін емес. 

Ал көрермен болса, әр түрлі жастағы екі буынның, екі әйелдің және өмірге деген екі түрлі көзқарастың күлкі, сезімдер мен күтпеген жағдайлар құйынындағы қақтығысына куә болады. 


Рөльдерде: Зинаида Абаназиди, Екатерина Максим, Данил Хомко, Сағи Саржан.

 Қоюшы режиссёр — ҚР Еңбек сіңірген қайраткері  Людмила Крючкова

 Қоюшы суретші — Қанат Мақсұтов

 Музыкалық көркемдеу — Екатерина Максимнің өлеңдеріне жазылған  Данил Хомко мен Сағи Саржанның авторлық әндері.


Ескере кетерлік маңызды бір жайт: спектакль тамаша актриса талантты, жарқын, бірегей тұлға Зинаида Абаназидидің мерейтойына арналады! 

Бұл премьера театрдағы жай оқиға ғана емес, бұл актрисаға және театрды сүйетін барша қауымға өмірлік қуат пен шынайылыққа толы ыстық шығармашылық тарту. 

17 қазан 19:00

18 қазан 18:00

23 қазан 19:00

Театрдың кіші залы

Премьераны өткізіп алмаңыз!