20.08.2026
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» байқауы
Батыс Қазақстан облыстық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты байқау өтеді.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жарнама мәтіндерінде қазақ тілінің нормаларын сақтау, тіл мәдениетін насихаттау және қоғамдық ортадағы тіл тазалығына назар аудару.
М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры аталған бастаманы қолдай отырып, байқау туралы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында жариялап, ақпараттық қолдау көрсетеді.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды бастамаларға қолдау білдіреміз! 🇰🇿


