М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының (Астана қаласы) атына Новосибирск облысының Мәдениет министрі Ю.В. Зимняковтан құттықтау хаты келіп түсті.
Өзінің үндеуінде министр театрымыз қойылымдарының жоғары көркемдік деңгейін, шығармашылық ой-тұжырымның тереңдігін және актерлердің шебер ойынын атап өтіп, театр ұжымын сахна өнерінің биік дәстүрлерін сақтаушы ретінде бағалаған.
«Үлкен гастрольдер» федералдық бағдарламасы аясында өткен гастрольдік сапар Новосибирск облысының мәдени өміріндегі жарқын оқиғалардың біріне айналды. Сапарымыздың шығармашылық серіктесі -«Глобус» Новосибирск академиялық жастар театры болды. Министр «Глобус» сахнасының екі театр ұжымын тоғыстырғанының символдық мәнін атап өтіп, кәсіби әрі достық байланыстардың ажырамас сабақтастығына ерекше тоқталды.


