артқа
М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры мен Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театры шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астанада М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театры арасында шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Құжатқа елордалық театрдың директоры Гани Каримов пен Солтүстік Қазақстандық театр ұжымының директоры Спартак Рамазанов қол қойды.

Меморандум Қазақстан өңірлері арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, екі театр ұжымының шығармашылық тәжірибесін байытуға және көрермендердің үздік сахналық өнер дәстүрлеріне қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.

Театр басшылары атап өткендей, ынтымақтастық өзара құрмет, тең құқықтылық және әріптестік қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Ал оның негізгі мақсаты - халықтың мәдени қажеттіліктерін қалыптастыру және гастрольдік қызметті дамыту.