05.10.2026
Ардақты тәлімгерлер, ұстаздар, жүрегі кең жандар!
Бүгін сіздерге зор алғысымызды білдіргіміз келеді! Сіздердің сабырлылықтарыңыз бен даналықтарыңыз, әрқайсыңыздың бізге деген сенімдеріңіз және ерен еңбектеріңіз үшін мың алғыс! Сіздер жай ғана білім беріп қоймай, әрқайсымызға өз жолымызды табуға көмектесіп, қиын сәтте қолдау көрсетіп, шәкірттеріңіздің жетістігіне өз жетістіктеріңіздей қуана білесіздер.
Ұстаз да, театр да бір ұлы мақсатқа - ағартуға, тәрбиелеуге және мәдениетті дәріптеуге қызмет етеді. Күн сайын өздеріңізді болашаққа арнап, кейінгі ұрпақтың дамуына үлес қосып жүргендеріңіз үшін алғысымыз шексіз.
Еңбектеріңіз әрдайым қуаныш сыйлап, шәкірттеріңіз тек мақтанышқа бөлейтін жетістіктерімен қуанта берсін!
Мерекелеріңізбен!

