артқа
🎭 Театр әдебі: көпшілік біле бермейтін ережелер

Театрға бару — өнермен қауышу ғана емес, айналаңдағы адамдарға құрмет көрсетудің де бір мүмкіндігі. Кейде дәл осындай кішкентай әрекеттер баршаға жайлы атмосфера қалыптастырады.

Кешіңізді жағымды өткізуге көмектесетін бірнеше қарапайым ереже:

🥤 Театр буфетінде

Тағам мен сусындарды спектакль басталғанға дейін ішіп-жеп алған жөн. Қаптаманың сыбдыры, ыдыс-аяқтың сылдыры мен тағамның иісі қойылым кезінде көрермендердің назарын бөлуі мүмкін.

💺 Көрермендер залында

Креслоның шынтақтаянышы тек бір адамға арналған орын емес. Екі шынтақтаянышты бірдей иеленбей, жаныңыздағы көрерменге де жеткілікті орын қалдыруға тырысыңыз.

🚶 Өз орныңызға өту қажет болғанда

Отырған көрермендерге бетіңізді қаратып, мүмкіндігінше кешірім сұрап өтіңіз. Өзгенің аяғын немесе сөмкесін аттап өтуге болмайды.

📱 Телефонды дыбыссыз режимге қойыңыз

Тіпті діріл дыбысы немесе экранның жарығы да көрермендердің ғана емес, сахнадағы әртістердің де назарын бөлуі мүмкін.

🎩 Артыңызда отырған көрермендерді де ойлаңыз

Биік бас киімдер мен көлемді шаш үлгілері артта отырғандардың сахнаны көруіне кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан айналаңыздағы көрермендерге қолайсыздық туғызбауды алдын ала ойластырған жөн.

👏 Залдан асықпай шығыңыз

Спектакльдің аяқталып, көрермендердің қошеметі біткенін күтіңіз. Бұл — әртістердің еңбегіне деген алғысыңыз бен құрметіңіздің белгісі.


Театр әдебі — қатаң тыйымдар жиынтығы емес. Бұл — бір-біріне деген құрмет, ілтипат және қамқорлық мәдениеті.

Өнер адамдарды біріктірсін, ал театрға жасаған әрбір сапарыңыз жүрегіңізде тек жағымды әсер қалдырсын! 🤍