1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

Режиссер Игорь Сединнің қойылымындағы «Любовь к трем апельсинам» - бұл Карло Гоццидің аттас пьесасы желісімен жасалған өзінің бойында  дель арте – бетперделер театры мен француз фарсының элементтерін үйлестірген сюрреалистік комедия. Спектакльде, көше актерлерінің әзілді абсурдты пішінде көрсеткен қияли сюжеті аясында король тағы үшін қастыққа толы күрес түріндегі зұлымдық пен мейірімнің мәңгі тартысы көрсетілген. 

"Театр ішіндегі театр"  тәсілін қолдана отырып, режиссер актерлерге К.Гоцци пьесасындағы бейнелерді  – Король Сильвио, оның ұлы, ханзада Тарталья, Труффальдино, Панталоне, Клариче, Леандро, Бригелла, Моргана пері, Доктор Джовани, сондай-ақ қызметшілер  Фантески, Виттория, Коломбина, Смеральдина және Арлекино бейнелерін таңдауға  және импровизация жасауға еркіндік береді, алайда іс-әрекеттердің нақты құрылымының арқасында, бұл еркіндік толық анархияға айналып кетпейді.  

Ханзада Тарталья ипохондриялық ауруға шалдыққан, оның дауасы тек күлкіде. Науқастың айналасында сайқы мазақтар, әзіл айтып сайран құрғандар толып жүр, алайда бәрі бекер. Оның әкесі, король Сильвио бар жан тәнімен оған тақты беріп кетуге тырысады, өйткені бұл таққа көз тіккен, ханзаданың ертерек көзін жоюға тырысқан оның жиені Клариче бар.  Қастық ойластыра жүріп, Клариче Моргана перінің көмегіне жүгінеді. Бұндай арамдыққа епті қылжақбас  Труффальдиноның қарсы тұруына тура келеді. Алайда Моргана пері ханзаданы дуалап үлгереді: ол дуаның күші тек үш апельсин құпиясы шешілгенде ғана кетеді...

Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт