Қойылым туралы:
Сергей Федорович Матвеев – актер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қырғыз Республикасының халық әртісі, профессор, Ресей Федерациясының «Достық» орденінің иегері. Астана жұртшылығы оны ерекше құрметтеп, шығармашылығын жоғары бағалайды.
Оның сомдаған әрбір бейнесі көрермен жүрегінен орын табады. Сахнадағы үні, жанары, тіпті үнсіздігінің өзі көрерменді сендіреді, күлдіреді әрі толқытады.
Мерейтойлық кеш ұзақ-сонар сөздермен емес, өнердің өз тілімен өрбиді.
Көрермендерді театр тілімен баяндалатын тағылымды шығармашылық шежіре күтеді.
Бағдарламада спектакльдерден үзінділер, Сергей Федоровичтің шәкірттері мен бүгінде театр және кино саласында танылған түлектерінің өнер көрсетуі, сондай-ақ әріптестерімен бірге ұсынатын жарқын шығармашылық дуэттер бар.
Көрермендерді ерекше шығармашылық тосынсыйлар күтеді. Сахнада шебердің орындауында Василий Шукшин мен Антон Чехов шығармаларының кейіпкерлері қайта тіріледі.
Сіздерді бар ғұмырын сахна өнеріне адал арнаған, өнерге шынайы қызмет етіп келе жатқан актердің шығармашылық тағдырымен қауышуға шақырамыз.
Дәл Александр Пушкин айтқандай: «…ойлану және азап шегу үшін».