1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

Гүлдер қаласы тұрғындарының шытырман оқиғаларының бірі. Бір күні Знайка есімді балақай әуе шарын жасап, оның үстінде отырып, саяхаттауды ойлап табады. Саяхат кезінде техникалық ақаулар пайда болып, шарды тастап кетуге бел буады.  Ақыры парашютпен тек Знайка ғана секіреді. Незнайка қалғандарын ары қарай ұша беруге көндіреді, бірақ шар бәрібір Жасыл қалада апатқа ұшырайды. Құлаған кезде көбісі жеңіл жарақат алады. Сепетке қыстырылып қалған Незнайка басқа балақайлардан алыстап кетеді де, оны Жасыл қалада тұратын кішкентай қыздар табады. Незнайка Синеглазка мен и Снежинканың үйіне келеді. Қалған балақайлар болса, ауруханаға түседі, онда қатал дәрігер Медуница барлығына бұзақылық пен төбелеске қарсы ем тағайындайды. Жағдайлардың сәтіне орай, Незнайка өзіне қаһарман бейнесін жасап алады. Кішкентай қыздар үшін ол әуе шарын ойлап, құрастырған ғұлама, барлық басқа балақайларға олардың өнерлері мен кәсіптерін үйреткен ақын, суретші, музыкант болып көрінеді. Бірақ Жасыл қалаға Знайка келеді де, Незнайканы әшкерелейді. Әйтсе де, кішкентай қыздар Незнайканы кешіреді, одан соң ол аяқ астынан соңғы болып саналатын балға қатысады. Гүлдер қаласының тұрғындары үйлерін сағынып, қайтамыз деп шешеді.  

Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт