1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

«Естелік үшін…»

«Алия» спектаклі Ұлы Отан соғысының қаһарманы Әлия Молдағұлованы еске алуға арналады.   

…17 жасар нәзік, үлбіреген балауса қыз Әлия 1942 жылы КСРО ХҚО бұйрығымен құрылған мергендер мектебінің алғашқы қабылданушылар қатарына енеді. Әлия майданға ерікті болып баруға бар күшін салады. Ол өзінің жерін, халқын, бар жан тәнімен сүйетін Отанын қорғауға бел буады!

Оқу барысында Әлия Молдағұлова мергендік ісін игеруде табандылық танытады. Содан 1943 жылдың тамыз айында ол майданның алдыңғы шебіне түсіп, өжеттілігі мен қаһармандығын көрсетеді. Ол жаудың 78 жауынгері мен офицерін жояды. 

Әлия Молдағұлова – қазақтың қайсар мерген қызы. Біз үшін Әлияның ерлігі баға жетпестей құнды! Оның өмірі  - кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай өнеге! Ол небәрі 19 жаста еді… 

1944 жылы Әлия Молдағұловаға, ол көз жұмған соң, Кеңес одағының Батыры атағы беріледі…

Ұлы Отан соғысында шейіт болған қаһармандардың даңқы мәңгі. 

Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт