1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

Режиссёр Рачи Махатаев пен суретші-сценограф Ильшат Вильдановтың (Санкт-Петербург қ.) қойылымындағы «Гроза» пьесасы –бұл биікқоршауларының ар жағында тақуалық астында зұлым пейіл мен надандық жасырынған әлдебір N қаласының қара сұр әлемі.

Отбасынан кішкентайынан жылу көрген Катерина өзінің жігерсіз күйеуінің үйінде азап шегіп, енесінің мейірімсіздігі мен есерсоқтығының  құрбаны болады. Катеринаны ерте тұрмысқа беріп жіберген, ол өзінің қайғылы жағдайына налиды. Шарасыздығынан Катерина Бориске деген оянған сезіміне қарсы тұра алмай, онымен жасырын кездесіп жүреді.  Қатты ыза қысқанда, ол өз күнәсін күйеуіне де, енесіне де жайып салады. Борис Дикийдің үйіне өзіне тиесілі мұраны алуға келеді, ол бұл меңіреу жерде өз жастығын қор қылғысы келмейді. Катерина Борисқа өзімен бірге алып кетуін өтінеді, бірақ Бористің мұнымен бірге кетуі мүмкін емес екеніне көзі жетеді.  Бұл оған жолға батасын береді, бірақ өзінің жәбірленген жағдайы мен адам төзгісіз мұңына шыдай алмай, жағадан өзенге секіреді.

Катеринаның өзіне қол жұмсауы – бұл жақынға деген Мейірім, Махаббат және Кешірім туралы айқай, жалбарыну,қарсылық.

А.Н. Островскийдің классикалық драмасының біздің дәуір үшін өзектілігін көрермендер талқылай жатар. 

Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт