1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

М.Горький атындағы орыс драма театрының сахнасында – РФ Еңбек сіңірген әртісі, Еңбек сіңірген өнер қайраткері режиссёр Сергей Федотов қойған Эдмон Ростанның «Сирано де Бержерак» романтикалық драмасы.

Сирано де Бержерак – керемет ақын және қайсар жауынгер. Өзінің дене мүкісі – үлкен мұрнының кесірінен көше төбелестері мен дуэльдердің бастаушысы болады. Сирано бала кезінен дос болған Роксанаға ғашықтық сезімін білдіруге қорқады. Ал бұл қыз мейірімді, бірақ өз сезімдерін сөзбен жеткізе алмайтын аңқау, көрікті жігіт Кристианға ғашық болады. Жиенінің бақыты үшін Сирано қулыққа барады: сырт келбеті келісті Кристиан Роксананың жүрегін Сираноның әдемі сөздерімен жаулап алады. 

Режиссёр 17 ғасырдағы Франция рухын сақтауға тырысады: сахнаның түс және жарық көркемдеулері фламанд суретшілерінің картиналарын еске салса, костюмдер мен декорациялар «шекпен мен семсер» шығармаларының күйін жеткізеді. Ерлер қайсар және өжет, намыс пен шындықты қорғайды, отан үшін отқа түседі. Әйелдер нәзік, жуас, алайда, ерлерден рух қайсарлығы жағынан кем түспейді және өзінің сұлулығын пайдаланып, ерлерді оңай билеп төстейді. Бірақ жылтыр киім мен семсермен шайқасу бастысынан – жаны сұлу, білімі терең және тән мүкістігі бар адамның трагедиясынан алаңдатпайды. Сүйіктіңнің көңілін жаулап алу үшін сырт келбет маңызды ма? Әлде шынайы сезім кез келген сұлулықты басып өтіп, нағыз жан сұлулығын аша алады ма? 

Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт