1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

«Смешные деньги» – бардан жоқ жасап, шебер қиыстырған сюжеті үшін пьесаларын Чарли Чаплиннің фильмдерімен салыстыратын, комедиялық жанрдың атышулы шебері, ағылшын драматургі Рей Кунидің жарқын комедиясы.
            Қарапайым ағылшын клеркі өзінің туған күнінде ешнәрсе күтпестен, үйіне біреудіңіші ақшаға толған портфелін алып келеді. Бір қателіктің орын алғанын және бұл үшін жазаланатынын түсінген ол тез арада табанын жылтыратуға бел буады. Бірақ мұнысы іске аспайды: үйде әйелі қонақ күтуде, сау етіп полиция инспекторлары кеп қалады, олардың артынан достары...
                Бас кейіпкер алдын алуға келмейтін осы жағдайлардың шиеленісін тарқатып, бәрін қулықпен жеңіп, өзі жазасыз, бастысы, портфель ішіндегісін сақтап қала алады ма? Бұл сұраққа өзіңіз жауап беруге асықпаңыз, оның орнына Рэй Кунидің қиялы мен тәжірибесіне сенім артыңыз, сонда, рас айтамыз, нәтиже сізді бейжай қалдырмайды!

Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт