1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

Кез келген кедергіден өте алатын, өлім мен жансыздық мұзын еріте алатын махаббат күші туралы тәрбиелік мәні бар ертегі.

Мысқылшыл Кай жауыз сиқыршы Қар патшайымына тұтқынға түседі. Оның пейілі айдан анық: мұз текшелерден «мәңгілік» сөзін құратқызып, адами сезімдерді ұмыттырып, мәңгі суық патшалықта мәңгіге қалдыру. Герда Кайды құтқарғысы келеді.  Ұзақ жол қиындықтарын жеңіп, қарлы қорғанға жетуге  оған Қарға, Ханзада, Ханшайым, Кішкентай қарақшы қыз және Солтүстік бұғысы көмектеседі.

Бірақ Кай Герданы танымайды, ал Қар патшайымы текшелерді тез жинауға көмектеседі. Сиқыр әсер ете бастағанда, Герда Кайды құшақтап алып, оны жақсы көретінін айтады. Қыз сезімінің күші мен шынайылығы бозбала жүрегіндегі мұзды ерітеді де, ол Герданы еске түсіріп, құрастырған сөзін бұзып жібереді. Қар патшайымының жауыздық күші оның өзіне қарсы әсер етіп, ол жоқ болып кетеді. Ал Кай мен Герда аман-есен үйлеріне оралады. 

Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт