1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

Т.Уфимцеваның драмалық баяндауындағы Э.Т.А. Гофманның әлемге әйгілі оқиғасы кедей мұржа тазалаушысының отбасында орын алған рождестводағы ғажайып туралы әңгімелейді. Луиза мен Мариге кіндік әкелері Дроссельмейер қуыршақтар сыйлайды: сұлу ханшайым мен көріксіз Щелкунчик. Луиза әдемі қуыршақты таңдаса, Мари, керісінше, ағаштан жасалған үлкен тістері бар ойыншыққа мән беріп, сыртқы келбеттің маңызы жоқ, ал Щелкунчиктің көздері мейірімге толы деп санайды. Дроссельмейер ұста Мариді қолдап, оған  Щелкунчик негізінде оның жиені екенін, патшайым Мышильда оны мейірімді көздері үшін сиқырлап тастағаны туралы ғажайып оқиғаны айтып береді. Мари ағаштан жасалған құбыжыққа өз жүрегін береді ме және бұл оған Мышильданы жеңіп, сиқырдан арылуға көмектеседі ме екен?

Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт