1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

«Снегурушка» ертегісіндегі көріністер сахнада жан біткен үлкен Сиқырлы  кітаптың ішінде болып жатады.

Кітап ашылады да, ертегі басталады! Алайда бұл ертегі баяғылардан өзгеше. Кейіпкерлер сиқыр мен ғажайыптарға сенуден қалған, жақсы өмірді аңсап, өздері тұратын орманнан қашып кеткен.

Мыстан кемпір «адам сияқты» өмір сүргісі келеді, Аяз ата жасарып, өзімшіл зұлым сиқыршы болып кеткен. Қаңырап бос қалған, мұзды орманда Үббе мен Орман перісі ғана өмір сүреді, өмір сүрмейді-ау, күндерін Аяздың қайта мейірімді қалпына түсіп, орманды мұз тұтқынынан құтқаруын армандаумен өткізеді.

Бір күні олар Аязға қалыңдық тапсақ, ол махаббаттан «еріп кетер» деген үмітпен іс-әрекетке көшеді де, адамдарға барады.  Олар армандарына жете алады ма? Жетеді, алайда өзгенің қайғысынан бақыт құра алмайтындарын, қулық және өтірікпен жер бетінде бақытты бола алмайтындарын түсінгенде ғана. Ал сиқырлы кітапты тек пайдалы, әрі жақсы істер үшін пайдалану керек. 

Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт