1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

«Евгений Онегинді» жазу арқылы Александр Сергеевич Пушкин нағыз революция жасады десек артық емес, өйткені ол «өлең түріндегі романды» таза әдеби ортадан тікелей күнделікті, әркімге таныс ортаға көшірді. Роман қайталанбас бояулар мен үндерге толы, ал автор оқырманмен өзара сенім артып әңгіме дүкен құрады, тіпті кейде онымен әзілдескендей болып, күтпеген тосынсыйлар жасайды.
Горький театрының «Евгений Онегині» – бұл уақыт кеңістіктері мен әлемдік классика шығармасының көркемдік деңгейінің ақылға сыймастай түрде араласып кетуі.  Спектакль заманауи тұрғыдан қойылған. «Замандас Онегиннен» қызық не болуы мүмкін? Таңғажайып жарқын және пәлсапалық, тұла бойыңды елжіретердей шынайы әрі батыл, заманауи пластикалық және музыкалық шешімі бар спектакль Пушкин тілінің әуелгі қалпын бұзбайды – керісінше, заманауи мәдениетпен ұштасып, ол спектакль кейіпкерлерінің біріне айналады: классиктің өлең шумақтары мұнда заманға сай ырғақ пен қалыптарға енеді, клуб музыкасы, гаджеттер, бейнеблогингпен үндестігін табады. Алайда бастысы заманның сыртқы белгілері емес, бастысы – шынайы өмірге тән бүгінгі мысқыл мен шерге толы, жасандылықсыз, қысымсыз үн.

 

 

Спектакль Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі және «Русские сезоны» халықаралық мәдени жобасының қолдауымен 2024 жылы А.С. Пушкиннің 225 жылдық мерейтойына орай қойылды. 


Галерея
Жасаушылар:
«Евгений Онегинді» жазу арқылы Александр Сергеевич Пушкин нағыз революция жасады десек артық емес, өйткені ол «өлең түріндегі романды» таза әдеби ортадан тікелей күнделікті, әркімге таныс ортаға көшірді. Роман қайталанбас бояулар мен үндерге толы, ал автор оқырманмен өзара сенім артып әңгіме дүкен құрады, тіпті кейде онымен әзілдескендей болып, күтпеген тосынсыйлар жасайды.
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт