1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

«Смешанные чувства» – бұл өмірінің екінші емес, үшінші ширегін артқа тастаған адамдар туралы әзіл аралас нәзік оқиға. Жарларынан айрылып, сол жарларын бір-бірінен аңғалдықпен іздеп табуға тырысқан адамдар туралы. Олар өлімді алдап, махаббатты алдап, өз отбасыларын ондағы бар үйреншікті дәстүрлерімен қайта қалпына келтіруге тырысады: отбасылық түскі астар, балалар мен немерелермен апта сайынғы кездесулер, таңғы беттен сүюлер мен кешкі ұрысулар.

Махаббатсыз өмірдің мәні жоқ, онсыз дүние кем. Бұл ой тек жылдар өте келеді екен – осы тақырып бүкіл спектакль бойына созылады. Пьесаның бас кейіпкері – жалғызбасты, жасы ұлғайған Герман қайтыс болған досының жұбайы, өзі сияқты жалғыз және жасы да келіп қалған Кристинаға қолы мен жүрегін ұсыну үшін келеді. Бір қарағанда, бәрі түсінікті сияқты: неге екі жалғызбасты адам бас қосып, қалған өмірін махаббат пен бақыт құшағында кешірмеске? Алайда, ойлана келе, әрқайсысы қалыптасқан өмір салтынан бас тартып, барлығын басынан бастау оңай шаруа емес екенін түсінеді.  

«Бұл оқиға кез келген көрермен үшін жақын, әрі түсінікті болады деп ойлаймын, өйткені пьесада махаббат, кәрілік, балалармен қарым-қатынас сияқты әмбебап дүниелер қозғалады емес пе. Менің пьесам кез келген жаста сондай қажет болатын ғашықтық және сенім күйін сақтап қалғысы келгендер үшін үміт береді деген үміттемін», – деп жазады Ричард Баэр.
Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт