1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

Петр Ершовтың аттас ертегісі бойынша Алматылық режиссер Антон Зайцевтің қойған "Конёк-Горбунок" спектаклі -  бұл шаруа баласы Иван мен тентек Конек-Горбунок туралы әйгілі оқиғаның қанық бояулар мен халық әуендеріне толы жарқын интерпретациясы. Спектакльге қуыршақ театры, клоунада, актерлік импровизация элементтері үйлесімді қосылған. Көрермендерді сайқымазақтардың әзіл шумақтары, жан біткен ағаштар, тіл біткен аңдар мен ойға келмес ғажап дүниелер күтеді!

Ертегі-спектакль кез келген ертегі сияқты мейірімге, әділдік пен адалдыққа үйретеді, ал басты кейіпкер - қарапайым Иванушка сабырлық, еңбекқорлық пен тапқырлық танытып, бұл үшін баға жетпес сый - сиқырлы күші бар кішкентай аттың достығына ие болады. 

Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт