1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

Әлемге әйгілі шығарма, орыс классикасы – М.Горький атындағы орыс драма театрының сахнасында Рачи Махатаевтың қойылымындағы Чеховтің «Вишнёвый сад» пьесасы.

            Помещик әйел Любовь Раневская бар дүниесін Парижде жаратып, басты құндылығы шие бағы болған туған өлкедегі өз қожалығына оралады. Қожалығы күйреп кеткен, қарыздары үшін аукционға қойылған. Отбасының бұрынғы басыбайлы шаруасы, қазіргі уақытта миллионшы купец болған, Раневскаяға ғашық Ермолай Лопахин қожалықты сақтап қалу үшін бақты саяжайшыларға бөлшектеп сатуды ұсынады. Бірақ Раневская үшін үй мен бақты сату осы жерде өткізген бақытты балалық шақ пен жастық шақтан қалған естеліктерден айырылумен тең. Аукционға дейінгі уақытта ол қыздары, інісі және достарымен бірге қожалықты құтқарып қалудың амалдарын іздеп, іске аспайтын жоспарлар құрады, сағынады, өткенді еске алады.

            Қожалық сатылды. Ал оны әкесін бұл үйдің табалдырығынан асырмайтын Лопахин сатып алады. Жаңа иесінің алғашқы бұйрығы – бүкіл шие бағын түбімен кесіп тастау.

Пьесада дворяндық мәдениеттің құлдырауы, крепостнойлық құқықты алып тастаудың, «жаңа адамдардың» прогрессивтік ойлау салдарының проблемалары ашылады. Алайда тарихи қақтығыс адамның тұрмыстық ұсақ-түйек проблемалары мен өмірдің жалған фәнилігінің аясында өрбиді. Сондықтан режиссёр Чеховтің «Вишнёвый сад» пьесасына комедия ретінде берген жанрлық анықтамасын сақтайды: кейіпкерлер өздерінің ұсақ мардымсыз іс-әрекеттері мен бос әңгімелерімен күлкілі көрінеді. Сол арада, қожалықпен бәрінен бұрын тығыз қатынаста болған кәрі малай Фирс үйдің ішінде жалғыз қамаулы қалып, оны бәрі ұмытып кетеді.
Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт