1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

Жас режиссёр Олег Федоренко қойған  «Независимые» деректі драмасы түрлі себептермен тәуелділіктің шырмауына түсіп кеткен замандастарымыз жайында баяндайды. Өзін-өзі құлдырату, аяусыз құрдымға кету, алдамшы сезімге арбалып, шынайы өмірден безу арқылы түскен тозағынан құтылудың үмітсіз әрекеттері туралы алты қайғылы оқиға.  

Кейде өзінің айқындылығымен, жан түршігерлік тұстарымен  үрейлендіретін көрерменмен жүргізілген жүрекжарды ашық диалог өз өмірің туралы ойландырады, отбасындағы қарым-қатынас, рухани құндылықтар мен ахлақ мәселелерін көтереді. Спектакльге өмірде болған оқиғалар арқау болды.

Спектакль «Астана – есірткісіз қала» бағдарламасы аясында шығарылды.

Жастар мен олардың ата-аналарына көруге ұсынылады. 

Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт