1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

"Поднимите трубку!" спектаклі  бұл талантты режиссёр Сергей Левицкийдің әлем әдебиеті мен драматургиясының ұлы шебері Антон Чеховтің шығармалары бойынша біртума авторлық қойылымы. «Палата № 6» повесін негізге ала отырып, режиссер шебер түрде жаңа фабула құрып, оның ішінде классиктің «Дядя Ваня», «Вишневый сад», «Три сестры», «Чайка», «Крыжовник», «Несчастье», «Каштанка», «Дама с собачкой», «Мелюзга», «Цветы запоздалые» сияқты шығармаларын үйлесімді байланыстырады. 

Ауыр жағдайларға қарамастан, провинциядағы ауруханаға астанадан келген дәрігердің оқиғасы жарасымды әзілге, "барлық қайғы-мұңымыздың бүкіл  әлемді әлдилеген мейірімге батып, өміріміз тыныш, тәтті ертегіге айналады" деген сенімге толы.      

 Оқиғаларды байланыстырушы желі ретінде спектакль бойы кейіпкерлер телефон қоңырауын күтеді, шалынар ма екен ол? Сымның арғы жағында кім болады және бұл қоңырау кейіпкерлерге не әкеледі? 

Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт