1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

«Ну как он тебе?» спектаклі — бұл махаббат, бақыт іздеу және әртүрлі буындардың қарым-қатынасындағы проблемалар туралы жарқын, қалыптан тыс комедия. Сахнадан ана мен оның бойжеткен қызының ортақ мәселе - "ақбозаттағы жігітті" іздеу және оны шешудегі көзқарастарының қайшылығы бейнеленген оқиғаны көреміз. Құдағи болатынына сенімі нық ана қызына "сынақтан өткен" жігіттерді ұсынса, қызы ондай кездесулерден шаршап, жеке өмірін өзі құрғысы келеді,  алайда кездейсоқ, күлкілі жағдайларға тап болады. 

Спектакльде оқиғалар шапшаң өрбіп, ақырында комедиялық отшашуға ұласады: жасырын кездесулер, ұсақ шиеленістер, үй ішіндегі торуыл мен ерлерді  аксессуарларынан кездейсоқ тану. Бүкпелеу, айла және келіспеушілік барысында ана мен қызының қатты эмоциялары, үміттері және екі кейіпкерге ортақ нәрсе - әлсіздіктері ашылады.  Біртіндеп көрермен олардың тек ана мен қызы ғана емес,  үрейлері мен армандары ортақ  бір-бірінің айнадағы бейнесі екенін түсінеді. 

 Талантты әртістер Данил Хомко мен Сағи Саржанның Екатерина Максимнің сөзіне жазған музыкалық көркемдеуі спектакльді ерекше күйге бөлейді  — шынайылық пен қиял арасында қайшылық тудыратындай, үйдегі жайлылықтан жеңіл абсурдқа дейін.  Спектакль бақытыңды іздеп жүріп, өзіңді жоғалтып алма дегенді әзілмен, жылумен  жеткізеді де, сонымен бірге әр көрерменге өз арманы мен шын қалаулары туралы ойланып көруді ұсынады.  

 

Галерея
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
расписание и билеты:
Кейіпкерлер мен орындаушылар:
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт
5 қыркүйек
сенбі
Билет сатып алу 18:00
6 қыркүйек
жексенбі
Билет сатып алу 18:00