«Театр» сөзін естігенде,
нені елестетесіз? Сахна төріндегі таңғажайып сиқырды паш ететін перденің сусылдап
баяу ашылуы ма? Салтанатты шамдардың сөніп, көрермен залындағы қараңғы сәт пе?
Бір мереке
сияқты, иә?
Театрға барудың өзі шағын мереке ғой. Дегенмен, өзіңізде де, қасыңыздағыларда да осындай көңіл-күй болуы үшін, кейбір қарапайым ережелерді сақтаған жөн.
Билет алар
алдында залдың жоспарын қарап алыңыз да, өзіңізге анағұрлым ыңғайлы орындарды
таңдап алыңыз.
Қазіргі кезде
театрға кеш көйлегін немесе смокинг киюдің қажеті жоқ, алайда бұл не кисең де,
бәрібір деген сөз емес. Ерлерге костюм, ал әйелдерге күнделікті сәнді киімдерін
киюге болады. Бикештерге тіпті джинс киюлеріне рұқсат беріледі, егер де іс-шара
ұйымдастырушылары ерекше дресс-код жарияламаса.
Өтініш, ең қымбаты
болса да, әтірді шамалап себіңіздер.
Әйелдер бойын
ұзын етіп көрсету үшін, биік шаш үлгілерін жасайтын дәуір өткелі қашан. Бас
киім де (айтпақшы оны гардеробқа тапсыруыңыз керек), мұндай шаш үлгілері де басқа
көрермендердің спектакльді көруіне кедергі жасайды.
Қолыңызда үлкен
сөмке не шықырлайтын пакет болмағаны абзал. Пакеттің шықырлағаны
қасыңыздағыларға кедергі болады.
Театрға спектакль
басталғанға дейін 20-30 минут бұрын келіңіз. Осы уақыт сыртқы киіміңізді шешіп,
шашыңызды тарауға, бағдарламаны алып, өз орныңызға жайғасуға әбден жеткілікті.
Өз креслоңызға
қалай дұрыс өтуге болады? Егер орындарыңыз қатардың ортасында болса,
отырғандардың мазасын алмас үшін, ертерек келіп отыруға тырысыңыз. Егер
қатардағы орындар бос емес болса, отырғандарға қараған бетіңізбен, олардан
ақырын дауыспен немесе басыңызды изей кешірім сұрай отырып, өз орныңызға
өтіңіз.
Егер орныңыз бос
болмаса, әкімгердің көмегіне жүгініңіз.
3-қоңырауды
күтудің қажеті жоқ, залға ертерек кіріңіз.
Спектакль
басталған соң, партерге кіру есігі антрактіге дейін жабылады. Егер кешігіп қалсаңыз,
әкімгерге барыңыз. Сатып алған орныңыздан бөлек, Сізге ярус немесе балкондағы
бос орынға отыруға көмектеседі. Антрактіден
соң, өз орныңызға өтуіңіз қажет.
Орныңызға жайғасқан
соң, шынтақ сүйенішінің екеуін де пайдаланудың қажеті жоқ. Қасыңызда отырған
адам да Сіз сияқты шынтағын сүйеуге құқылы. Бірге келген адаммен жабысып отырмаңыз,
артыңызда да адамдар бар екенін ұмытпаған жөн. Олар да сахнаны көргісі келеді.
Әдеп ережелері
бойынша қолды да, аяқ сияқты жинап отыру керек. Қолыңызды алдыңғы креслоның
арқасына қоймаңыз. Біріншіден, бұл сол креслода отырған адам үшін қолайсыздық
тудырса, екіншіден, осылай отырып, сіз артта отырғандар үшін сахнаның көп
бөлігін жауып қоясыз.
Кейбір адамдар
спектакль кезінде қол соғады, мысалы, сахнаға атақты актер немесе актриса
шыққанда. Бұл ең аз дегенде, қойылымның басқа қатысушыларына деген құрметсіздік
болып саналады. Оған қоса, қатты шапалақтаудан әртістердің айтатын сөздері
естілмей қалуы мүмкін. Ал қойылымнан соң барлық актерлерге қол соғып қошеметтеу
арқылы алғыс білдіру өте орынды.
Актерлердің
ойынын немесе пьесаның сценариін спектакльдің ортасында қатты талқылағыңыз
келіп тұрса да, бұлай жасау актерлерге
де, басқа көрермендерге де қатысты әдепсіз қылық болып саналады. Бұл үшін антрактіні
не қойылымның аяқталуын күткен жөн. Спектакльді
100 рет көрсеңіз де, қасыңызда отырған адамға сюжеттің барысын ашу да
әдепсіздікке жатады. Сіздің әңгімеңізді спектакльді алғашқы рет көріп отырған айналаңыздағы
адамдар естіп қалуы мүмкін ғой.
Залға тамақ және
сусын әкеліп, оны спектакль кезінде ішіп, жеп отыруға тыйым салынады, бұл тіпті
шоколад, бутерброд, алма,
шай не кофе болса да. Тамақтанып
үлгермесеңіз – театрда буфет бар. Алайда онда үшінші қоңырауға
дейін қалмаңыз.
Көрініс кезінде тыныштық сақталуына мән
беріңіз. Музыканың ырғағымен аяқпен тарсылдатуға, креслоның шынтақ сүйегішін
қолмен тарсылдатуға болмайды.
Сөйлесуге немесе сыбырласуға болмайды. Мұның бәрі тек қасыңыздағы адамдардың
мазасын алып қана қоймай, актёрлердің рөлге енуіне кедергі жасайды. Бұл ережелерді бұзғаныңыз
үшін әкімгердің сізден театрдан кетуіңізді өтінуге құқығы бар.
Спектакль басталғанға дейін ұялы телефоныңызды
сөндіріп қойыңыз,
олар көрермендерге ғана емес, әртістерге де кедергі келтіреді. Діріл режиміне
қойылған смартфондар да айналадағы адамдарға кедергі болады. Ал ұялы телефонның
жарығы тіпті балконнан да байқалады.
Залда фото және бейне түсірілімді театр әкімшілігінің рұқсатымен жасауға болады.
Егер сізге суық
тиіп қалса, спектакльді өткізіп жібергеніңіз абзал, өйткені жөтелу және түшкіру
барлық көрермендерге кедергі келтіреді.
Егер көрініс
кезінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, білдірмей залдан шығып кетуіңіз керек.
Спектакль соңында
киіміңізді алу үшін, гардеробқа асығудың қажеті жоқ. Бір бес минут сіз үшін сондай
маңызды бола қоймас, бірақ көңіл-күйді түсіруі мүмкін. Оның үстіне әртістер
иілуге шығады, көбіне бұл бірнеше рет қайталанады да. Сіз үшін екі сағат бойы
еңбек еткен адамдарды тағы бір рет көргіңіз келмейді ме? Оларды қошеметтеп,
алғысыңызды білдіріңіз. Бар өнерін, еңбегін көрерменге арнап, соңында ол
көрермендердің гардеробқа жүгіріп бара жатқанын көру әртістер үшін жақсы ма?
Гардеробтың
нөмірін жоғалтып алсаңыз, айыппұл төлейсіз.
Спектакль
ауыстырылған немесе болмаған жағдайда, билеттерді кассаға өткізуге болады.
Егер актерлерге
гүл сыйлағыңыз келсе, гүлді театр әкімгері арқылы бере аласыз.
Кешкі
спектакльдерге 6 жасқа дейінгі балалар жіберілмейді.
Өзара түсіністік
пен сыйластыққа үміттенеміз.
Сізді
театрымызда көруге әрдайым қуаныштымыз!

