1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

«Өмір өте ұзақ» дейді Томас Элиот. Айлайда ол бәрібір бітеді. Жаз секілді.

            Қазіргі заманның американ драматургі және сценарисі Трейси Леттстің  «Август: графство Осейдж» пьесасының желісімен қойылған  режиссёр Анна Троянованың «Конец лета» қойылымы баяғыда-ақ нұры кеткен үйден жарық сәулесін іздеуге арналады.

            Отағасы Вестон таңғаларлық жағдайда жоғалып кетеді. Онсыз үйде жоғалар алдын жалдаған үндіс текті қызметші әйел мен ауыр халде жатқан жұбайы қалады. Көңілсіз оқиғаны естіп, үйге үлкен отбасының бар мүшелері жиналады. Орын алған жағдайлардың қыспағымен, жаздың аптап ыстығында, үнемі жабулы тұратын қара қалың перделерден не күн, не түн екенін білінбейтін үйде отбасы мүшелері бір-біріне тиісе бастайды:  бұрынғы реніштерін еске түсіреді, өткен жараларын ашып, бала кездегі жан жарақаттары үшін кінәлайды, құпияларды ашып, өздерінің шынайы менін көрсетеді.  Уақыт өте бәрінің түсінгені: ешкім де күнәсіз емес екен. Соңында бәрі де бір ғана шешімге келеді – сол Беверли шал таңдаған шешім – кету, мына ауа жоқ үйден кету, тез арада және анағұрлым алысқа және дұрысы біржола.

            Сонымен олар кетеді. Өз өмірінің трагедиясын көрсете отырып, әрқайсысы келесіге орын бере отырып, кете барады. Нәтижесінде үйде өлімін күткен Виолетта мен Джоанна қалады. Соңғысының рөлі енді айқын болды – бұл шаңырақ киесі, бұл үйдің фундаментінен, бұл отбасының шежіресінен анағұрлым тереңге тамырын жайған осы өңірдің ақ пейіл үндіс рухы. Олар бастауы мен соңы бір нүкте болатын  шексіз кеңістікке кетеді: жаздың біткені өлімді білдірмейді, бұл келесі жылы тағы да жаз келеді деген сөз... Махаббат сияқты, ешқашан бітпейді!
Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт