1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Өмірбаян:

Нина Дроботова Ресейдің Иваново облысы, Олтухово ауылының Вычугский ауданында дүниеге келген. Нина Дроботова Ярославль театр училищесінде актерлік білім алып, 1983 жылы үздік бітірді. Осы жылы актриса М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының труппасына қабылданды.
Актрисаның ойыны нәзік психологизммен және бейненің байыпты ішкі дамуымен ерекшеленеді. Оның кәсіби міндеттеріне деген көзқарасы жас әріптестеріне үлгі болады. 2000 жылы театрдың көркемдік кеңесінің шешімімен Нина Юрьевнаға «Сахнаның жетекші шебері» тарификациясы берілді. Актриса әрқашан қоғамдық тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды, қалалық және республикалық іс-шараларға белсене қатысады. 
Нина Юрьевна Дроботова «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталды. Қазақстан республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасы, Мәдениет басқармасының Құрмет грамотасы және Астана қаласы әкімінің Алғыс хатына ие болды. «Мәдениет қайраткері» құрмет белгісімен марапатталды.
2009 жылы В. Сигаревтың «Семья Вурдалака» спектаклінде «За лучшую женскую драматическую роль»  номинациясында Астана қаласының Мәдениет басқармасының сыйлығымен марапатталды. 
2019 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Н.Ю. Дроботова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
2020 жылы актриса 120-шы театр маусымының ашулы салтанатында Мәдениет және спорт министрінен «Алғыс хат» алды.

Театр саханасында сомдаған маңызды рөлдері:

М.Горький «На дне»– Квашня
О.Уайльд «Как важно быть серьёзным» - Леди Брекнелл
А.Дударев «В сумерках» - А Софья
Н.Гоголь «Женитьба» - жеңгетай
Р.Тома «8 любящих женщин» - Луиза
А.Островский «Женитьба Бальзаминова» - Бальзаминова
Дина - «Пока она умирала» Н.Птушкина
Олимпиада Николаевна - «Плачу вперёд» Н.Птушкина
Ф.Достоевский «Преступление и наказание» - Луиза Ивановна
А.Дударев «Рядовые» - Настя
Н.Гоголь «Здесь все свои…» («Ревизор») - Пошлёпкина
У. Шекспир «Гамлет» - Гертруда
В.Сигарев «Семья Вурдалака» - Людмила Ивановна
А.Цагарели «Ханума» - Ануш
А.Оразбеков «Одинокая яблоня» - Ана
И.Вырыпаев «Валентинов день» - Катя (60 жастағы)
У.Шекспир «Ромео и Джульетта» - Леди Капулетти
В.Илюхов «Волшебные яблоки» - Мыстан кемпір
Б. Парманов «Аманат» – Аналық
А. Янкявичюс «Анна Каренина» - графиня Лидия Ивановна
М.Горький «Отец» - бағушы Федосья 
В.М.Шукшин «Светлые думы» - Алёна Ивановна Рязанцева
«Конец лета», Т. Леттстің пьесасы бойынша – Виолетта
Г.Андерсен «Дюймовочка» - Қоңыз 
В.Илюхов «Приключения Настеньки» - Мыстан кемпір
Р.Киплинг «Слоненок» - Бегемот тәтей
М.Бартенев «Волшебные слова» - Әже

Актер репертуары:
Рөлдер: Фрекен Юлиане
Күндер мен билеттер
Комедия
Женитьба
Рөлдер: Фёкла Ивановна
Күндер мен билеттер
Трагикомедия
Конец лета
Рөлдер: Виолетта
Күндер мен билеттер
Сценическая фантазия
Светлые думы
Рөлдер: Алёна Ивановна Рязанцева
Күндер мен билеттер
Драматический монтаж несостоявшейся любви и состоявшейся ненависти
Анна Каренина
Рөлдер: Лидия Ивановна
Күндер мен билеттер
Кинодағы рөлдер: