1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

Спектакль кейіпкерлері – бір деревня тұрғындары. Олардың барлығы оқтын-оқтын көркем шығармашылық үйірмесінде ешнәрсеге қарамастан, қойылуы тиіс спектакльдің («Крыша над головой», «Актер Федор Грай») репитицияларында кездесіп тұрады.  Көрініс үлкен дау тудырған жаңа пьесаны талқылау барысында өрбиді. Кейіпкерлердің отбасылық өмірлерінің  барлық сахналары, жеке эпизодтар ретінде осы сюжетке үйлесімділікпен еніп кеткен: «Степкина любовь», «Сапожки», «Мой зять украл машину дров», «Светлые души» әңгімелері.

         Спектакльдің байланыс желісі ретінде колхоз председателі Матвей Васильевичтің ойлары өтеді. («Думы») Оның монологтарында парасатты мұң естіледі, ол әрбір адам өмірінде өзіне қоятын сұрақтарға жауап беруге тырысады. Спектакльдің ақырғы сахнасында («Хозяин бани и огорода») біз өмір салтанатын, өлім мен сары уайымның жеңілісін көреміз.

         Өз кейіпкерлерінің мінездері мен тағдырлары арқылы Василий Шукшин «орыс жанының құпиясы» жайында ой толғайды.  Шукшиннің кейіпкері махаббат туралы айтпайды, ол бөспе сөзден аулақ. Айтылған сөз адамдар арасында пайда болатын және түсіндіруді қажет етпейтін әлгі «қонақ сәтті» өлтіреді. Дәл сол сәт мәңгілік пен махаббатқа есік ашады.

Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт