1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

"Гедда Габлер", Г. Ибсен пьесасының желісі бойынша драма 

Генрик Ибсен — заманауи театр драмасының әкесі атанған ұлы норвег драматургтерінің бірі. Оның пьесалары ХІХ ғасыр театрын астан-кестен етіп, сахнаға шынайы эмоцияларды, терең ішкі толқулар мен өзекті әлеуметтік мәселелерді алып шықты. 


 1890 жылы Мюнхенде Ибсен өзінің әйгілі  «Гедда Габлер» пьесасын жазды. Бұл — мықты, намысқой және сонымен бірге, өте бақытсыз әйел туралы шығарма. «Гедда Габлер» премьерасы 1891 жылы  Мюнхенде өтті. Алдымен пьесаны сыншылар  байсалды қабылдады, алайда аз уақыт өте ол әлемдік сахна тарихында ең танымал драмаға айналды.  


«Гедда Габлерге» деген қызығушылық кәзір де басылмаған. Пьесаның бас кейіпкері  — еркіндік үшін күрес пен таңылған шектеулерден тайсалмай шығу әрекетінің символы. Гедданың оқиғасы мәңгі тақырыптарды қозғайды: жалғыздық, қоғамның қысымы, өз жолыңды таңдау. 

Міне, сондықтан режиссёрлер мен актёрлер ішінен әр уақыт үшін маңызды жаңа мағына таба беретіндіктен, осы пьесаны таңдауын жалғастырып келеді. 

Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт