1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Қойылым туралы:

Гогольдің пьесасын заманға сай қою спектакльдің бейнелі шешімінен көрініс тапты. Режиссёр ақпараттық-технологиялық әлемдегі адам сезімдерінің даму барысын зерттейді. Пьесаның классикалық сюжеті замануи кеңсе өмірінің ырғағында бейнеленіп, сонысымен тақырыптың өзектілігін арттырады. Кеңсе – бұл эмоциялар мен сезімдер шайылып кететін кеңістік бейнесі, ал осы сандар мен графиктер жүйесіне шомып кеткен адамдар жеке өмірін ысырып қояды, ал бұл болса, адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынастың көмескіленуіне немесе тіпті жойылуына алып келеді.
Жеңгетай Фёкла Ивановна бір шама жетістіктерге жеткен қызметкер  Подколёсинді үйлендіргісі келгенімен, мұнысынан түк шықпайды. Фёкла оны тұрмыс құрмаған іскер әйел Агафья Тихоновнаға қосқысы келеді, бірақ ұяң күйеу жігіт әлі ойлануда: үйленудің қажеті бар ма деп әлі де күмәнданады. Оның епті құрбысы Кочкарёв жеңгетайды қуып жіберіп, өзі жеңгетайлыққа кірісіп кетеді.  Ол Агафья мен Подколесиннің танысуын шебер ұйымдастырады...

Галерея
Кесте және билеттер:
Күні Билеттер Уақыт