2019 жылы Н.Гогольдің «Женитьба» спектаклінің
премьерасымен театрдың Кіші залы ашылды, мұнда басқа да жаңа спектакльдер
жоғары деңгейде көрсетіліп келеді: М.МакДонахтың"Человек-Подушка",
А.Островскийдің"Гроза", В.Шукшиннің"Светлые думы", Э.Э.
Шмиттің"Путешествие в обратно", М.Бартеневтің"Снегурушка", Г.
Гориннің"Кин IV", Д. Фо, Ф. Раме«Жизнь без…» спектакльдері.
Қойылым жұмыстары үшін режиссерлер,
сценограф-суретшілер, композиторлар шақырылады, бұл театрдың көркемдік
толысуына жағдай тудырады. Әр жылдары театрмен келесі режиссерлер жұмыс жасады: Йонас
Вайткус, Агнюс Янкявичус (Литва), Егише Геворкян (Австрия) Нурлан Асанбеков (Қырғызстан),
Барзу Абдураззаков (Тәжікстан), Леонид Чигин, Владимир Тыкке, Александр
Каневский, Сергей Потапов, Юрий Квятковский, Туфан Имамутдинов, Рача Махатаев,
Евгений Гельфонд, Иван Петров, Сергей
Федотов, Михаил Филимонов (Ресей), Тимофей Ткачев (Белоруссия), Антон Зайцев, Олег Билик.
Қазіргі уақытта М.Горький атындағы Мемлекеттік
академиялық орыс драма театрын танытып жүргендер:
Театр директоры: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айболат Жаудыр.
Бас суретші– ҚР Президенті Құрмет грамотасының иегері, «Мәдениет қайраткері» Канат Максутов.
Режиссерлер – ҚР Еңбек сіңірген әртісі,
«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Еңбек
ардагері» Бекпулат Парманов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері Людмила Крючкова, ҚР Президенті Құрмет грамотасының иегері Игорь Седин.
Актерлер труппасының құрамы:
ҚР
Еңбек сіңірген әртісі, «Еңбек
ардагері»,Ресейдің Достық ордені иегері Наталья Косенко; ҚР Еңбек
сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Ресейдің Достық
ордені иегері Сергей Матвеев; «Мәдениет саласының үздігі», «Еңбек ардагері» Наталья Матвеева; «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Мәдениет саласының үздігі» Нина
Дроботова; 2 дәрежелі «Достық» орденінің иегері Екатерина Максим;«Құрмет»
орденінің иегері Светлана Фортуна; «Мәдениет қайраткері» Александр Корженко, «Мәдениет саласының үздігі»: Зинаида Абаназиди, Оксана Бойко, Иван
Анопченко, Болат Кирибаев, Мария Бандышева, Ульяна Штильман; Евгений Карачаров, "Үміт" сыйақысының лауреаты Полина Харламова, Данил Хомко, Дмитрий Маштаков, Максим Ященко, Айжулдыз Халикова, Анастасия
Понеделкова, Эльмира Фатыхова, Анна Пупкова,
Илья Соболев, Юрий Козулёв, Саржан Саги, Майлыбаева Индира, Кожантаев Диас,
Матасова Екатерина,Красникова Асель.
Театр – бұл өзегінде барлық мәңгі ашылмаған сырлары
мен адами болмысының шарасыз сұрақтары бар тұлға орналасқан әрдайым көкейкесті,
үнемі жаңарып отыратын өнер.