1899 жылы құрылған
Касса: +7 (7172) 57‒23‒75
KZ
Өмірбаян:

Юлия Сергеевна Дюсебаева — жоғары кәсіби біліктілігі бар, сахна өнерінде жарқын қабілетке ие және шығармашылық қызметінде көп жылдық тәжірибесі бар драма театры және кино актрисасы.

 Астана қ. М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының труппасына 2025 жылы қабылданды. 
1998 жылдан бастап 2025 жылға дейін Қостанай облысы орыс драма театрында қосымша құрам әртісінен жоғары санатты әртіске дейінгі еңбек жолын өткеріп, қызмет етті. Сахнада еңбек еткен жылдарында 80-нен астам рөлді сомдап, аткерлік шеберлігінің кең ауқымын көрсетті  — классикалық бейнелерден бастап заманауи сахна интерпретацияларға дейін. 

Екатеринбург мемлекеттік театр институтында "Актерлік шеберлік" мамандығы бойынша білім алып, оны үздік бітіріп шығады, сонымен бірге Қостанай мәдениет колледжінің дипломына ие, РФ ТҚО Халықаралық жаз театр мектебінде кәсіби қайта даярлаудан өткен.  

Юлия Дюсебаева драма театры актрисасына тән барлық қасиеттерге ие: сахнада мәнерлеп сөйлеу, пластика, вокалдық қабілеттер, бейнеге ену техникасы және сахнадағы тартымдылық.  Ол театр қойылымдарында да, кинокамера алдында да батылжұмыс жасайды, өзінің шығармашылық көзқарасымен, тәртіптиілігімен және командамен жұмыс жасай білу қабілетімен ерекшеленеді.

Мәдениетті дамытуға қосқан үлесі үшін актриса бірнеше мемлекеттік награда мен кәсіби атақтар алған: «Ерен еңбегі үшін» медалі (2025), «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2020), ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамоталары, сонымен бірге «Жыл актрисасы» номинациясында «Алтын Адам» сыйлығы (2022).
Оның шығармашылық жұмыстары Қазақстан, Ресей, Солтүстік Македония, Израиль және БАЭ өткен халықаралық театр фестивальдерінде дипломдармен және наградалармен марапатталды.
Юлия Дюсебаева – отандық театр өнерінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан және оны халықаралық сахнада лайықты деңгейде танытып жүрген талантты, харизмалы және өз кәсібіне адал актриса. 

Актер репертуары:
Рөлдер: Капитолина Петровна - 90 лет
Күндер мен билеттер
Рөлдер: жена
Күндер мен билеттер
Деректі драма
«Человек из Подольска»
Рөлдер: Уборщица
Күндер мен билеттер
Орыс аңыз әңгімесі
Конёк-Горбунок
Рөлдер: Кобылица
Күндер мен билеттер
Кинодағы рөлдер: