Қолжетімділік шарттары

Астана қаласы әкімдігінің «М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры» МКҚК-да мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімді ортаны қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат

Театрда аз қозғалатын тұрғындар тобына қажетті қолжетімді жағдайлар жасалған. Атап айтқанда:

  • Кіреберіс аумағында қолтықша тақтайшаларымен жабдықталған, бұл ғимаратқа кедергісіз кіруге мүмкіндік береді; сонымен қатар, сары тактильді жолақтар немесе жолдар көзі нашар көретін адамдарға өздігінен бағдар табуға көмектеседі.
  • Кіреберісте мнемосхема (тактильді ғимарат картасы) орналасқан, оған қабат жоспары, қозғалыс маршруттары және шығулар, Брайль шрифтімен жазылған белгілер кіреді.
  • 1-қабаттан 2-қабатқа көтерілетін платформа жұмыс істейді.
  • Мүгедектерге арналған санитарлық тораптар бар, оларда көмек шақыру түймесі орнатылған.
  • Театр қызметкерлері ерекше қажеттіліктері бар көрермендерге қажетті жәрдем көрсетеді.
  • Театр репертуарында У. Гибсон мен Х. Келлердің шығармасы бойынша «Сотворившая чудо, или что такое любовь» спектаклі бар, онда «Қанаттылар» инклюзивті театрының актрисасы қатысады. Оның қойылымдары кезінде есту қабілеті бұзылған адамдар үшін қойылымның қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында сурдоаударма қызметтері көрсетіледі.

Мекеме қолданыстағы нормативтік талаптарды ескере отырып қолжетімді ортаны жақсарту жұмыстарын жалғастыруда.